Текст
«Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебі» КММ – де мектепішілік 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар – асыл жандар» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақ тәрбиесіне зор еңбек сіңіріп жүрген азаматшаларға құрмет көрсету, еңбектерін елеп – ескеру, мадақтау. Қазіргі қоғамдағы әйел – ананың рөлін айқындай түсу бағытындағы қыз балаларға рухани тәрбие беру. Мектеп ұстаздарына, ата – аналарға, әжелер мен қыздарға арналған құттықтаулар, әндер, билер, тақпақтар шырқалды.
Алимбаева Адия, Серик Жания , Айтбай Жансая «АНА» туралы әндерін тарту етті.