Биылғы 2019-2020 оқу жылында тәрбие жұмысымның жоспарын 8 бағыт бойынша жоспарладық.
Төңкеріс негізгі мектебінде 2019 – 2020 оқу жылының «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты Білім күніне арналған салтанатты жиынымыз сағ 11.00 де « 1 – қыркүйек алғашқы қоңырау» рәсімі болып өтті. Мақсаты: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін айқындау. Сынып жетекшілері Жалпы республикалық бірыңғай азаматтық және патриоттық «Адалдық сағаты» тәрбие сағатын өткізді.
1 «А» сынып жетекшісі: Смаилова Жанылдык Ахметовна
1 «Б» классный руководитель: Волошина Светлана Васильевна
04.10.2019ж
«Өзін – өзі басқару күні» «Төңкеріс негізгі мектебі »
Директор- Алимбаева Амина
Оқу-ісінің меңгерушісі- Газезова Дана
Тәрбие ісінің меңгерушісі- Ибрагимова Аяжан
Сынып жетекшілері:
0 А –Сулейменова Даяна
1 а- Айдарбекова Нұргүл
2 а- Зарыпбеков Жасұлан
3 а- Бекежанова Мадина
4 а- Сулейменова Айша
5 а- Сабыр Қарақат
6 а- Газезова Дана
7 а- Ибрагимова Аяжан
8 а- Өмірсейт Іңкәр
Пән мұғалімдері:
Дене шынықтыру- Жәнібек Мадияр
Қазақ әдебиеті- Сабыр Қарақат
Тарих- Өмірсейт Іңкәр
Биология- Ибрагимова Аяжан
Өзін-өзі тану- Ермекова Меруерт
Көркем еңбек- Асхатов Кеңес
0 «А» сынып 1 «А» сынып 2 «А» сынып 3 «А» сынып 4 «А» сынып
Жапсыру Сауат ашу Қазақ тілі Матем Дене/ш
Сурет Матем Матем Қазақ тілі Матем
Құрастыру Ағылшын Көркем еңбек Музыка Қазақ тілі
5 «А» сынып 6 «А» сынып 7 «А» сынып 8 «А» сынып
Тарих Көркем еңбек Әдебиет Биология
Әдебиет Өзін өзі тану Биология Тарих
Көркем еңбек Әдебиет Дене/ш Өзін өзі тану
«Мерекелі, берекелі – Алтын күз! » ертеңгілігі
Төңкеріс негізгі мектебінде бастауыш сыныптар аралығында күз мерекесіне арналған «Мерекелі, берекелі – Алтын күз!» ертеңгілігі болып өтті. Күз мерекесінің мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерін қалыптастыру, өлең айту, тақпақ айту, би билеу, қойылым қою арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Сынып оқушылары түгел қатысты, көкөніс пен жеміс – жидектер таңдап алып сол бойынша топ аты, топ ұраны, әні, қойылым, киімін кию, тақпақ, мақал – мәтел, жұмбақ дайындады.
Оқушылардың ата – аналары балаларына көкөніс пен жеміс – жидектердің киімін тігіп ат салысты. Әділқазылардың шешімімен сыныптарға төмендегідей орындар берілді: 1 «А» сыныбы топ аты «Алма» І - орын сынып жетекшісі Касымова Г.К, 4 «А» сыныбы топ аты «Картоп» ІІ – орын сынып жетекшісі Смаилова Ж. А, 3 «А» сыныбы топ аты «Өрік» ІІІ - орын сынып жетекшісі Тойлыхан Хуанар, 2 «А» сыныбы топ аты «Шалқан» ІV – орын сынып жетекшісі Рахым Шынар. Сонымен қатар күз мерекесіне байланысты «Күз берекесі» атты 1 – 9 «А» сыныптар аралығында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде әр сынып тәтті тоқаштар , айран – сүт, манты, пицца дайындап сатылды, оқушыларға ата – аналары көмектесті. Жәрмеңкеден түсен ақшаға әр сынып өздеріне керекті құрал – жабдықтар аламыз деп шешті. Ата – аналар келіп сауда жасасуға көмектесті. Мереке өте жоғары деңгейде өтті.
1 қазан дүние жүзі бойынша қарттар күні деп есептелінеді. 1 қазан – дүние жүзілік қарттар мерекесіне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік
дастарханымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Жер бетінде қарияларын құрметтемейтін, қадірлемейтін халық жоқ шығар. Уақыт ағынымен қарттардың өмір жолдарындағы тәжірибесі мен біліміне деген құрмет ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Жыл сайын облысымызда 1 қазаннан -31 қазанға дейін зейнеткерлер мен мүгедектерді қолдау айлығы өткізіледі.
Ата күні – әже күні әлем күні
Әлемде тербелінді ақылды үні
Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал бөбектерім сендер мұны
Ата – әже мерекелеріңіз құтты болсын
Жанұяңызға тек қана шаттық толсын
Немерелеріңіздің өнерін тамашалап
Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын
Бүгінгі кешке ауылымыздың асыл аналарымыздың бірі, қарт ұстазымыз қазір зейнеткер Керейбаева Бірділдә Көжековна келіп отыр. Анамызға рахметімізді айта отырып сөз кезегін берейік.
Анамызға арнап 5 «А» сынып оқушысы Ахметов Ануар күйін орындайды.
Кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы » болса, ол үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді. Қарт кісіні құт – береке деп танысақ ол ұрпақ көргендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады
Қарттар күні мейрамына арналған
Бишілер өнерлерін шашады.
«Нәзік» биі 5 «А»сынып оқушылары
Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп
Таусылмас дәм – тұзыңды тата – берсін
Тыныштық елімізге бере берсін
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауыз – бірлік бола берсін
Тап – таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз
«Ұстаздар күні»
Төңкеріс негізгі мектебінде Ұстаздар мерекесі Өзін – өзі басқару күнінен басталды, мұғалімдер 10 «А» сыныбы болып «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды танымдық ойынынан басталды. Ойын 12 раундтан 12 сұрақтан берілді мұғалімдерге қарсы мектеп оқушылары сұрақ қойды.